Аймақтар • 09 Сәуір, 2021

ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды

Бүгін Новопокровка ауылында қарғын су үйлердің аулаларына жайылған. Су деңгейі 10-30 сантиметрге дейінгі аралықты құрайды. Қазіргі уақытта он үйдің тұрғындары эвакуацияланып, туған-туыстарына жеткізілді. Содай-ақ, мектеп және әкімдік ғимараттарында эвакуациялық пункттер дайындалды.

Бородулиха ауданындағы төтенше жағдайға жеке құрамнан 83 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан,№68303 әскери бөлімнен 19 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жеткізілді, 400 дана қаптар төселді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​