Аймақтар • 10 Сәуір, 2021

Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді

3 рет көрсетілді

Маңғыстау облысына 10 950 доза көлемінде «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Вакцинация басталғалы өңірге барлығы 18600 доза вакцина жеткізілді. Қазір вакцинаның жалпы саны 29550 доза. 9 сәуір күні Маңғыстау облысында жалпы екпе алғандар саны 6678 адамды құрады.

Келесі аптадан бастап ірі сауда үйлерінде, спорт мектептерінде, колледждерде, «Ақтау» сауда, ойын-сауық орталығында қосымша жылжымалы егу пунктерін ашу жоспарланып отыр.

Арнайы бригадалар Халыққа қызмет көрсету орталығында, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Атамекен» ӨКП және өзге де нысандарда жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар