Аймақтар • 12 Сәуір, 2021

Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды

827 рет көрсетілді

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2021 жылдың басынан бері республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,2%-ға өсті. Бұл ретте 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 4,8%-ды ғана құраған. Ал соның ішінде карантиндік дүрлікпе салдарынан наурыз айында 4,1 пайызды көрсетті.

Сонымен қатар кей өңірлерде әлі күнге дейін жоғары өсім байқалады. Атап айтқанда, ең көп өсім Жамбыл облысында – 4,2%-ға және Атырау облысында – 3,8%-ға артқан. Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігінің басшысы бағаның барынша өсуіне жол берген әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік шаралар қолдануды ұсынды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Атырау мен Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттап кеткенін айтып, өңір басшыларының жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс беруді сұрады. Осы орайда Үкімет басшысы бірінші вице-премьердің ұсынысын қолдады.

«Бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында тіркелді. Осыған байланысты, осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Есқабылұлы Нұрлыбаевқа және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Берік Болатұлы Нығмашевқа қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын», деді Әлихан Смайылов Үкімет басшысына.

Соңғы жаңалықтар

Шаппа шот пен «құйрықты» пышақ

Аймақтар • Бүгін, 08:32

Жаңаөзендегі жылыжай

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Той тойлау тоқтамай тұр

Коронавирус • Бүгін, 08:24

Тауар айналымында өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:12

Құбыжық мүсін

Өнер • Кеше

Кабулдан басталған көш қазақ еліне қалай келді?

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Кеше

Індет өршіп барады

Коронавирус • Кеше

Алтынмен пара-пар тәуекел

Экономика • Кеше

Көкпар тартқан қыз

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар