Аймақтар • 12 Сәуір, 2021

Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиялық бақылау комиссиясы Алматы облысына қарасты Үштөбе ауылының әкімі Сағынбек Карбузовқа сөгіс жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін

Партиялық комиссия қала тұрғындарының Антропов, Мұсабаев, Белинский, Нөгербеков, Некрасов, Төлендинов, Әуезов және Школьная көшелеріндегі жолдардың нашар жағдайына шағымдарынан кейін тексеру жүргізді. Тұрғындардың айтуынша, көшелерде батпаққа батады, тіпті, ауыр техника жүре алмайды. 

«Партиялық бақылау комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша, Үштөбе әкімі Сағынбек Карбузовқа 1 маусымға дейін жол жөндеу жұмыстарын аяқтауға кеңес берілді. Сондай-ақ әкімге сөгіс түрінде партиялық жаза жариялау ұсынылды. Бұл мәселе партияның облыстық филиалының бақылауында», деп хабарлады партиялық комиссияның өкілі.