Акция «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында волонтерлердің бастамасымен өтуде. Жоба қазақстандық ғарышкерлер өмірінен алынған фактілерді, сондай-ақ қазақстандық ғарыш бағдарламасының практикалық маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшаларында отандық ғарышкерлер мен ұлттық ғарыш бағдарламалары туралы қызықты фактілерді #ҒарыштыШарлаймынЖұлдыздыТаңдаймын хэштегімен орналастырады.
Акцияны қолдау мақсатында «Қайырымды істер марафонының» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қазақстандық ғарышкерлер, ғалымдар мен ғарыш саласының қайраткерлері туралы ақпараттық фактілер мен әңгімелер жинақталған басылымдар сериясы жарияланады. Акцияға бастауыш сынып оқушылары да қатысады. Оларға #ғарышкерлеркүні хэштегімен Ғарышкерлер күніне арналған сурет байқауы өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында басталған болатын. Жобаның маңызды міндеттерінің бірі - қайырымдылыққа бей-жай қарамайтын азаматтар мен ұйымдарды біріктіру және болашақта қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертетін жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген қоғамдастық құру.