Железин аудандық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сот материалы бойынша ер адам осы жылдың ақпан айында Ресей Федерациясының Иркутск қаласына шығу мақсатында Жамбыл облысында заңсыз жолмен өзіне жасанды жүргізуші куәлігін жасатып алған.
«2021 жылдың 17 ақпанында «Даф» маркалы автокөлікпен екінші жүргізуші ретінде Железин ауданындағы «Үрлітөбе» шекара бекетіне дейін жеткен. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтер кезде шекара қызметкерлеріне жасанды жүргізуші куәлігін көрсеткен», деді баспасөз қызметінде.
Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы істі дәлелдемелерді зерттемей, бұйрықтық іс жүргізу арқылы қарау туралы өтініш білдірді.
Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды және 29170 теңге айыппұл ретінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.