Коронавирус • 12 Сәуір, 2021

Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді

944 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 12 сәуір күні Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасынан  COVID-19 диагнозы қойылған, полисегментарлық ковидті пневмония дертіне шалдыққан  99 жастағы қарт кісі сауығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді

Аурухана дәрігерлерінің бақытына орай, барлығы сәтті аяқталып, пациент  жазылып, бұрынғы қалпына толықтай келді.  Ауруханада шамамен екі аптадай ем-дом жасалынды. Туыстары мамандарға дер кезінде  жүгінгендіктен, біз уақтылы дұрыс ем тағайындадық. Дәрі-дәрмекпен емдеуден басқа, біз сондай-ақ психоэмоционалдық қолдауға барынша көңіл бөлдік, барлық әкімшілік өкілдерімен бірге ауруларды аралап шығу барысында,  ақсалдың  да  саулығын  сұрастырып, қолдау көрсетіп, әрдайым жігерлендіріп отырдық. Науқастың немересіне жеке рахмет,  оның қамқорлығының арқасында  атасы  ауруды тез арада жеңе білді, дейді дәрігерлер.

Фотосурет емдеуші дәрігер Айжұлдыз Дәулеткелді, пациент пен немересінің рұқсатымен жариялады.