Мысалы, бұл жағдай Теңіз кен орнында зауыт құрылысын баяулатып отыр. Бұл туралы Мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді.
Вакцинациядан бас тартудың бір себебі - вахталық жұмысшыларға арналған нысандарда қолайлы жағдай жасалғандығы. Олар еңбек кодексінде көрсетілген уақыттан көп уақытты іссапарда өткізсе, қосымша ақы алады. Ал ауысымға түсер алдында жұмысшылар оқшауланады. Рашид Жақсылықов атап өткендей, бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімді емес, өйткені жоғары коэффициенттер болмайды.
Айта кетейік, мұнай өндіруші компаниялардың нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген.