Қоғам • 13 Сәуір, 2021

Аида Балаева: Рамазан – рухани жаңару мен тазаруға үндейтін ай

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Рамазан айының келуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.

Аида Балаева: Рамазан –  рухани жаңару мен тазаруға үндейтін ай

«Құрметті қазақстандықтар!

Еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен шын жүректен құттықтаймын.

Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл.

Өкінішке орай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет.

Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін», делінген құттықтауда.