Аймақтар • 13 Сәуір, 2021

Қызылордада карантин талаптары күшейтілді

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

8 сәуірден бастап «сары» аймақта болуына байланысты Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді. Ол аймақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2021 жылғы №8 қаулысында қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz  «Сыр бойы» газетіне сілтеме жасап.

Қызылордада карантин талаптары күшейтілді

Атап айтқанда:

– қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;

– ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

– банкет залдарының жұмысына;

– букмекерлік кеңселердің қызметіне;

– бильярд, боулинг («Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субьектілерге рұқсат) компьютерлік клубтардың («Ashyq» пилотына қатысатын субьектілерге рұқсат), түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;

– балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

– мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

– балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;

– көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

. Бұған қоса ұжымдық ауызашар өткізуге болмайды.

– Балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша, қоғамдық көлік жұмысына, банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен, ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен,қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге, сауналар жұмысына (жексенбіден басқа), 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық), 20%-дан артық емес етіп толтырған жағдайда театрлар, кинотеатр, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді. Құрметті облыс тұрғындары, эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюді сұраймыз, дейді облыстың бас санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.