Технология • 13 Сәуір, 2021

Қазақстандық интернет-ресурстарды Web Totem жүйесі қорғайды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ОКҚ өткен брифингте домендік атауларды ел аумағына көшіру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық интернет-ресурстарды Web Totem жүйесі қорғайды

Оның айтуынша, 2020 жылдың қазан айында 45 мыңнан астам домендік атау серверлік жабдық орналастыру бойынша талаптарды бұзған. Жүргізілген жұмыс аясында 27 мыңнан астам бұзушылық жойылды. Тағы 16,5 мыңнан астам бұзушы мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр. Егер бұзушылықтар жойылмаса, домендік атаулар тоқтатылады.


«Сонымен қатар, домендік атаулар иелерінің назарын мынаған аударғым келді, Қазнет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз Web Totem отандық жүйесі арқылы қазақстандық интернет-ресурстарды ақысыз негізде қорғау бойынша қызмет көрсетеміз. Ол үшін өтінімді «WebTotem» ЖШС немесе ақпараттық қауіпсіздік комитетінің мекен жайына жіберу қажет. Сонымен қатар, WebTotem қызметі шетелде танымал бола бастағанын атап өткен жөн. Мысалы, АҚШ нарықтарында соңғы айда домендік атауларды қорғау қызметі 100 мың АҚШ долларына сатылды, ал бізде бұл қызмет, қайталап айтамын, ақысыз негізде ұсынылады», деп атап өтті комитет басшысы.