«Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, автобус жүргізушісінің қанында ішімдік және есірткі заттары табылған жоқ. Жол-көлік оқиғасы себебін және автобустың техникалық жағдайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды», деді прокуратура қызметкері.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, 27 ақпанда Алматы полиция департаменті ірі жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтқан еді. Ведомство мәліметіне сүйенсек, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, Hyundai Elantra автокөлігіне соқтығысқан. Одан әрі инерция бойынша Сейфуллин даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып, бағдаршам мен жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Кейін автобус Volkswagen Polo маркалы автокөлігімен соқтығысып, сауда орталығы тұрағының кіреберісінде тоқтады.