Коронавирус • 14 Сәуір, 2021

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіле ме

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға AstraZeneca вакцинасын сатып алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіле ме

Әлеуметтік желілерде министрліктің AstraZeneca вакцинасының 3,2 млн дозасына тапсырыс бергені туралы ақпарат тарады. Министрлік бұл хабарды теріске шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Барлық компания өкілдерімен келіссөздер жүріп жатыр», делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, 14 сәуірдегі мәліметке сәйкес Қазақстанда 435 393 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның ішінде І компонентпен екпе алған адамдар саны 435 393, ІІ компонентпен екпе алған адамдар саны – 107 121.