Футбол • 14 Сәуір, 2021

«Ақжайық» бапкері матч кезінде инфаркт алды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақжайық» командасының бас бапкері Владимир Мазяр матч кезінде инфаркт алды, деп хабарлады Egemen.kz  vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақжайық» бапкері матч кезінде инфаркт алды

Владимир Мазяр. Фото: ФК "Акжайык"©

Орал клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, жаттықтырушы ауруханаға жатпады.

«Бас жаттықтырушы Владимир Мазяр ауруханаға жеткізілмеген. Кездесуде болған медициналық топ оны стадионда тексерді. Оған укол және қажетті медициналық көмек көрсетілді, бәрі жақсы. Маман ретінде ол барлығын жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан бұл жаттықтырушының жағдайына әсер етіп, дәрігерлердің көмегін қажет етті», деді Vesti.kz тілшісіне «Ақжайық» ФК директоры.

Бұған дейін 43 жастағы Владимир Мазардың «Шахтермен» ойын кезінде жүрек талмасымен ауруханаға жеткізілгені хабарланған.