Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Алтын бұйымдарды қолды еткен жігіт қолға түсті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының тұрғыны полицияға өзінің алтын бұйымдары ұрланғанын айтып жүгінген. Шығын сомасы айтуына қарағанда 500 мың теңгені құраған. Шағымданушы алтындарының нақты қай күні жоғалғанын айта алмаған. Тек наурыз айының соңында таныс еркекпен бөтелкелес болғанын жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz

Алтын бұйымдарды қолды еткен жігіт қолға түсті

Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлыққа әйелдің танысының қатысы бары расталды. 39 жастағы жігіт бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін 2004 жылы сотты болған.

Шара барысында ол ұсталып, қаладағы ломбардтардың біріне алтын бұйымдарды тапсырған кепілдік билеті де табылды. Ол алтын алқа мен мойынға асатын кішкентай кресті 75 мың теңгеге тапсырған. Қазір бұйымдарды ломбардтан алу жоспарлануда. Ал күдіктіге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қазір пәтер ұрлықтарының басым бөлігі бірлескен отырыстардан соң жасалып жатады. Спирттік ішімдікті асыра пайдаланудың соңы түрлі заң бұзушылықтардың жасалуына әкеп соғатынын есте сақтаған жөн. Тұрғындардың құнды заттарды көрінетін жерге тастамағаны абзал», дейді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов.