Онлайн брифинг барысында қалалық Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов аудан әкімінің не себепті жауапқа тартылмағаны туралы айтып берді.
Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, карантиндік шектеулерді бұзған аудан әкімі бұл күнде аумақтық мониторингтік топты басқаратындықтан, осы істе мүдделер қақтығысы бар екенін растады.
«Мұнда мүдделер қақтығысы бар. Өйткені мониторинг топтарды аудан әкімдері өз бақылауына алады. Осы мәселеге тиісті шаралар қабылдау үшін жоғары органдарға жүгіну қажет», деді Сәдуақас Байғабылов.
Сонымен қатар ол аталған жайт туралы материалдар санитарлық-эпидемиялық бақылау органдарына жіберілмегенін және олар тек тиісті дәйектер келіп түскеннен кейін шара қабылдайтынын алға тартады.
«Карантиндік шараларды бұзатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жауапқа тарту жөніндегі жаңа бастамалар мен тетіктерін қарастыру қажет. Соны негізге ала отырып, мониторингтік топтардың жұмысы жөніндегі алгоритмге енгізу керектігін баса айтты.
Аудан әкімі 20 наурыздағы қаулының тоғызыншы тармағын бұза отырып, кемінде екі рет бетпе-бет кездесулер өткізген. 26 наурызда өткен бірінші жиынға Жандарбек Бекшиннің өзі, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі және әкімдік қызметкерлері қатысқан.
Айта кетерлігі, карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін ешкім жауапқа тартылмайды. Әкімдік өкілінің айтуынша, Алматы мен СЭС билігі эпидемиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты отырыс өткізу қажет болған. Ол жиынға қатысушылар қорғаныс құралдарын қолданғанын және ПТР-тест тапсырғанын атап өтті. Санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған екінші отырысты 29 наурызда Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өткізді. Кездесуде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшіру талқыланған деседі.