Қоғам • 14 Сәуір, 2021

Қарыз күліп кіріп, күңіреніп шығады

669 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бірінші кредиттік бюро 1 162 038 қарыз алушыға тиесілі 1 262 720 келісімшартқа «оңалтылған» мәртебесі берілгенін хабарлады. 2021 жылғы 9 сәуірде Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің несиелерді оңалту туралы №53 қаулысына түзетулер күшіне енді. Қаулыға сәйкес несиелік келісімшартты оңалту мәртебесін несиелік бюро есептейді және Бірінші кредиттік бюроның несиелік есебінде көрсетіледі. Бірінші кредиттік бюро «оңалтылған» мәртебесі жеке тұлғаға емес, несиелік келісімшартқа берілетінін атап өтті.

Қарыз күліп кіріп, күңіреніп шығады

Несие тарихы қалай «оңалады»?

Несиелерді оңалту мәртебесін беру процесі 2021 жылғы 9 сәуір­де 2005 жылдан бастап жа­бық барлық қарыздар бойын­ша жүр­гізілді және енді күн са­йын жаңар­тылып, қарыз алушы­лар­дың не­сиелік тарихында көр­сетілетін болады. Бірінші кре­дит­тік бюрода «оңалтылған» мәр­тебесі қаулыға сәйкес қарыз алушының несиелік келісім­шартында барлық шарттар бір уақытта сақталған кезде ғана бе­ріледі деп нақтыланды. Яғни несие 90+ күн кешіктіріліп жа­был­ғанда, несие толығымен өтел­генде және оңалтылатын не­сиені өтеу күнінен бастап басқа қарыз­дар бойынша 12 ай ішінде 30 күннен артық кешіктіруге жол берілмегенде немесе осы кезеңде басқа несиелер мүлдем болмаған жағдайда беріледі.

ЕДБ және микроқаржы қыз­метін жүзеге асыратын ұйымдар ал­дындағы берешегі бар несиелер оңалтуға жатады. Егер несие өтел­ген (жабылған) болмаса не­месе оны өтегеннен кейін 12 ай өтпесе немесе осы 12 ай ішінде басқа қарыздар бойынша 30 к­үн­нен көп кешіктіруге жол берілсе бұл мәртебе берілмейді.

Сондай-ақ Бірінші несие бюро­сында бүкіл деректер қо­ры­нан 9 миллионнан астам қа­рыз алушы бойынша талдау жүр­гізілген. Оның ішінде 32 857 896 келісімшарт

7 052 248 қазақ­стандық оңалтуды қажет ет­пейді (яғни келісімшарттар ке­шік­тірілмей немесе 90 күннен аз кешіктірумен жабылды), 710 247 келісімшарт 509 913 қарыз алушы оңалтуға жатпайды (яғни келісімшарттар 90 күннен көп кешіктірумен жабылды, бірақ 12 ай ішінде қарыз алушылар басқа қарыздар бойынша кешіктіруге жол берді, бұл оңалту мүмкіндігін жоққа шығарады).

Оңалту мәртебесі несиені өте­ген­нен кейін күнтізбелік 12 ай өт­кен соң бір рет беріледі және одан әрі өзгермейді. Сондай-ақ БКБ оңалту мәртебесі несиені есептен шығару, кешіктіруді жою құқығын бермейтінін атап өтті. Оңалтылған несиелері бар қарыз алушылар үшін жаңа қарыз беру туралы шешімді қар­жы ұйымдары өздері жеке қабылдайды.

Бүгінгі таңда несие беру­ші­лер қарыз, несие карталары мен бөліп төлеу карталарын беру кезінде Бірінші несие бюро­­сының несиелік есептерін пайда­ланады, онда оңалтылған келісім­­шарт­тардың мәртебесі көрсетілген.

Қазақстандықтар осы мәрте­бенің бар-жоғын өзінің жеке несиелік есебінен тексере алады. Оны www.egov.kz электронды үкімет порталынан, 1cb.kz БКБ мобильді қосымшасында, ЦентрКредит банкінің интернет-банкінде және www.1cb.kz веб-сайтынан, сондай-ақ ХҚКО мен Қазпошта офлайн бөлім­ше­лері­нен алуға болады. Оңалту мәртебесі бойынша кеңестерді Бірінші кредиттік бюроның чат-ботында +7 708 971 3934 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджері арқылы алуға болады.

 

Онлайн несие алу оңай, төлеу қиын

Жалпы, соңғы бір жылда қазақ­стандықтар қарызды балама­лы несиелеу компанияларынан да көптеп ала бастады. Бұл туралы Robocash Group халық­аралық қаржы холдингі мамандарының зерт­теуінде айтылады.

Компания мамандары 13 мың адам арасында сауалдама жүр­гізіп, олардың қаржы мәселе­лерін қалай шешетіндерін және банк несиесін ала алмаған жағ­дай­да не істейтіндерін сұрас­тыр­ды. Сауалдамаға қатыс­қан азамат­тардың 73,8%-ы онлайн несиелеу сервистерін қолда­наты­нын айтқан. Мұндай сервистер-локдаун кезінде банкке бармай-ақ қажетті соманы алуға болатын бірден-бір орын. Сондықтан болар, онлайн несиелеу сервистерін қолданбайтындардың саны бар-жоғы – 6,2%.

Айта кетерлігі, қазақстан­дық­­тардың 10%-ы 2020-2021 жыл­дары несие алудан мүл­де бас тарт­қан. Олар несие алу­дың орнына ақшаны үнем­деп, шығынды азайтуды жөн көрген. Ал сауалдамаға қа­тыс­­қан аза­маттардың 3,1%-ы ломбард­қа жү­гінеді, 0,8%-ы несие одақтары мен коо­перативтерге барады,

0,7%-ы а­за­­мат амал­дың жоқтығы­нан заң­­­сыз несие беретіндермен бай­ла­ны­­сады. Сауалдамаға жауап берген аза­маттардың 5,4%-ы бас­қа да несие беретін ұйымдарды атаған.

«Қашықтан несие алу – қазақ­стандықтар үшін ең қолай­лы әрі қауіпсіз болып отыр. Қазақ­стан­­да да Ресейдегідей қазір­гі таң­­да онлайн несиелеу ғана емес, ри­тейл­­дер мен жеткізу қызметі де өте маңызды екенін айта кеткен жөн. Оған бірден-бір себеп, әри­не каран­тиндік шектеулер. Сауал­да­маның нәтижесіне сенсек, қа­зақ­стан­дықтар мұны жақ­сы қабылдап жатыр. Өйткені біз бір жағынан Қазақстандағы қар­жы технологиясын дамытуға қосым­ша ынталандыру алып отырмыз», дейді «Займер» сер­висінің мамандары.