Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

СҚО-да үшем дүниеге келді

1559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында Ақжар ауданының орталығы Талшық селосынан келген Сандуғаш Бейсенова аман-есен босанып, өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да үшем дүниеге келді

35 жастағы келіншектің бұрын да үш баласы бар еді, енді көпбалалы ана атанды. Тумалардың екеуі ұл, біреуі қыз бала. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшылығы бөбектердің саулығы жақсы, ер баланың үлкенінің салмағы 2,6, кішісі 2,4 кг болып туғанын жеткізді. Ал қыз бала 2,1 кг екен.

Бұған дейін Қызылжарда үшем осыдан тура бір жыл бұрын өмірге келген. Онда 32 жастағы келіншек бірден үш қызды өмірге әкелген еді.

ҚЫЗЫЛЖАР