Әлем • 15 Сәуір, 2021

Ла-Суфриер жанартауы оянды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кариб теңізіндегі Сент-Винсет аралында Ла-Суфриер жанартауы оянды. Қиындыққа тап болғандарды эвакуациялауға аймақтағы круиз кемелері жұмылдырылды.

 

Ла-Суфриер жанартауы оянды

Ла-Суфриер жанартауына жақын маңдағы қауіпті аймақтан 16 мыңға жуық халық эвакуацияланбақ. Оларды Кариб теңізіндегі Сент-Люсия, Гренада, Барбадос және Антигуа көршілес аралдарына орналастыру жоспарланған. Әйтсе де, кей аралдың әкімшілігі коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды ғана кіргізетінін айтып отыр.

Құтқарылған адамдар круиз лайнеріне отырмас бұрын вакцина алуы тиіс. Сент-Винсент аралындағы жанартау 9 сәуір күні атқылай бастады. Бұл соңғы 40 жылда бірінші рет болып отыр.

Дүлей апат салдарынан арал күлге оранып, көптеген үй электр жарығынсыз және сусыз қалды. Ғалымдар жанартаудың атқылауы әлі бірнеше күнге немесе аптаға созылуы мүмкін екенін айтады.