Уолл-Стриттегі қор нарығы өскен соң, Азия-Тынық мұхиты акцияларының индекстері де көтерілді. Сондай-ақ Гонконгтағы Hang Seng нарығы өңірдегі жетекші орынға шықты.
Бұдан бөлек, S&P 500 индексі одан әрі 0,1 пайызға өскен. Алайда Жапониядағы индекстер жаһандық қор нарығына ілескен жоқ. Мәселен, елдегі коронавирус жұқтырғандар саны артқан соң Nikkei-дің индексі 0,3 пайызға төмендеген. Оның себебі мынада. Токио Олимпиадасына шамамен 100 күн қалып отыр. Бірақ індеттің қайта өршуі салдарынан экономиканың қалпына келуіне сенім азайып барады.
Еуропа қор нарықтары да өткен аптада бірнеше саты жоғарылады. Euro Stoxx-тың индексі – 0,3 пайызға, Ұлыбританиядағы FTSE 0,1 пайызға қымбаттады.