Қоғам • 15 Сәуір, 2021

Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде абақтыға екі ұялы телефонды шай қорапшасына тығып кіргізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды

Абақтыға сәлемдеме беруге келген азамат ОВ-156/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға екі ұялы телефонды шәй қорапшасына тығып бермек болған жерде ұсталды.

– Азық-түлікті тексеру кезінде колония қызметкерлері шай пакетінен екі ұялы телефон мен SIM-картаны тауып, тәркілеген. Азаматтың айтуынша, сәлемдемені оған сотталушының әпкесі беріп, колонияда жазасын өтеп жатқан інісіне апарып беруді өтінген екен. Сондай-ақ ол сәлемдемеде ұялы телефонның жасырынғанын мүлде білмейтінін түсіндірді, – деді облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Аталған факті бойынша алғашқы материалдар жиналып, қызметтік тексеру жүргізілуде. Кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Асауға тұсау салынды ма?

Өнер • Бүгін, 10:00

579 млрд теңге инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 09:25