Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 449 мың адам.
«2018 жылмен салыстырғанда жұмыс күші 43 мың адамға көбейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 37 мыңға азайды. Министрлік тұрақты түрде мониторинг, сараптамалық талдаулар жүргізеді. 2019 жылдың 4-тоқсанында уақытша жұмыс істемейтіндер саны 99 мың болса, былтыр нағыз қиын кезең - 2-ші тоқсанда уақытша жұмыс істемейтіндер саны 536 мыңды құрады немесе 4,5 есеге ұлғайды. Тиісті шаралар қабылдаудың арқасында жыл соңында бұл көрсеткіш төмендеді. Яғни, қолданылған шаралар өз тиімділігін және экономиканың тұрақтылығын көрсетті», деді вице-министр.
ҚР ЕХӘҚМ жұмысыздық деңгейінің артуына жол бермес үшін «Еңбек» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы» сияқты бірқатар жобаларды іске асыруда.