Әлем • 16 Сәуір, 2021

Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің алғашқы кездесуі бейнеконференция форматында өтті. Іс-шара Ауғанстан бойынша кеңейтілген өңірлік ынтымақтастыққа, оның ішінде ортақ бастамаларды әзірлеуге арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек

Кездесуге ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан, ЕО-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Роланд Кобиа, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Талғат Қалиев өз сөзінде Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерді әрдайым қолдайтынын, бұл елге жыл сайын жан-жақты көмек көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

Т.Қалиев Ауғанстанды қалпына келтіру үшін кеңейтілген өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, еуропалық серіктестердің осы бағыттағы ықпалдастығын жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, онда қатысушылар Ауғанстандағы жағдайды реттеу жөніндегі барлық халықаралық бастамаларға қолдауын, сондай-ақ бейбітшілік орнатуға үлес қосу мақсатында кең ауқымды ынтымақтастыққа ортақ бейілділігін қуаттады.