Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағындары өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады.
«19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарды Скандинавия түбегінен келетін суық антициклон басып, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 5-12 градусқа дейін төмендейді, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік жартысында күн күркірейді», делінген хабарламада.
Гаухар ҚАПАШ