Білім • 16 Сәуір, 2021

Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп салынады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын іске қосу бойынша бекітілген бағдарламалар мен тапсырмалар шеңберінде былтыр 18 нысанның құрылысы аяқталған болатын, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп салынады

Жаңадан салынған 10 нысанда 3 817 оқушыға және мектепке дейінгі балаларға 240 орын ашылды. Ал  8 нысан бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жөндеу және сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар атқарылады.

Мектептердегі орын тапшылықты азайту мақсатында биылғы жылы 41 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл ағымдағы жылдың өзінде 20 мыңнан астам жаңа оқушы және мектепке дейінгі орындарды құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде, 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп және 8 263 оқушыға арналған 17 қосымша құрылыс, 2 жаңа балабақша құрылысы және 14 нысанды кеңейтумен реконструкциялау объектілері. Қаржыландыру аталған нысандарға бөлінген.

Әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы шеңберінде, бекітілген «Жаңа Алматы» кешенді жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың 2 оқушылар үйі салу көзделген.