Білім • 16 Сәуір, 2021

Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«EGMO-2021» қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Ділнәз Уәлиева өз білімін дәлелдеп, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды

Қазақстан құрамасы соңғы бес жылда дәл осы олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да бұл білім додасы еліміз үшін жемісті болды. Бұл олимпиада мектеп оқушыларына арналған болса да тапсырмалар деңгейі өте жоғары.

Жыл сайын математикада өз қабілетін көрсеткісі келетін қатысушылар саны артып келеді. Осы мерейтойлық жылда (10 жыл) әлемнің 55 елінің атынан қатысқан қыздар осындай беделді математикалық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген.

Айта кетейік, Ділнәз Уәлиева осыған дейін қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиаданың (EGMO) іріктеу кезінде жоғары нәтиже көрсетіп, қатысушылар арасында жеке рейтингте бірінші болды.