Әлем • 18 Сәуір, 2021

Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген

11 рет көрсетілді

Коронавирустан соң көптеген адамдар депрессияға ұшырай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz  сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының мәліметі бойынша соңғы бір жылда әлемнің 60 процент елінде бұл өзекті мәселеге айналды.

Жаһанды жайлаған жұмыссыздық, аурудан қорқу, адамдардың жақындарынан айырылуы мен мәжбүрлі оқшаулану халықтың психикалық жағдайының күрт нашарлауына әкеліп соққан. Мәселен, зерттеулерге сәйкес, АҚШ пен Ұлыбританияда депрессияға ұшырағандардың қатары 3 есеге көбейсе, Оңтүстік Корея тұрғындарының тең жартысында жүйке жүйесінің сыр беруі байқалған. 

Ғалымдардың айтуынша, жағымсыз психологиялық жағдайларға тап болғандардың арасында қаржы қыспағында қалғандар, жастар мен әйелдер көп. Енді сарапшылар әлем елдерін психикалық денсаулық мәселесіне баса назар аударуға шақырады. Ал дәрігерлер спортпен шұғылданып, әлеуметтік қарым-қатынасты жақсартуға кеңес береді.

Мамандардың айтуынша, депрессиялық ауруларды емдеу ұзақ уақытты қажет етеді. 

- Ең қиыны, науқастардың шарасыз күйде болғаны. Тіпті Ұлыбританиядағы дәрігерлердің 50 процентінің күйзеліске ұшырағаны байқалды. Әр бесінші науқаста бұл диагноз клиникалық дәлелденген. Мұндай дертке шалдыққан адамдар әлі күнге дейін толық сауыға алмай отыр, - дейді дәрігер Рэйчел Кларк.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар