Қоғам • 19 Сәуір, 2021

Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды

14 рет көрсетілді

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Шымбұлақ шыңында 6 адамды құтқарды, деп хабарлады Egemen.kz  ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кеше Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне дабылды  хабарлама келіп түсті. Белгілі туристік агенттіктің үйлестірушісі, ауа райының қолайсыздығынан Шымбұлақ шыңынан (теңіз деңгейінен 3450 метр биіктіктен) өз бетінше түсе алмай жатқан туристік топ туралы хабарлады.

РЖҚЖ жедел тобы, жеке құрамның 7 адамы, соның ішінде кинологиялық есеп оқиға орнына шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Жол жүру кезінде РЖҚЖ құтқарушылары туристердің орналасу орны бар геолокациялық деректерді алды. Шымбұлақ шатқалына жедел автокөлікпен жеткен соң, РЖҚЖ қызметкерлері әрі қарай зардап шеккендерге жаяу жетті.

«Туристер шыңның жоғарғы жағынан табылды. Белгілі болғандай, туристер маршруттың соңғы нүктесіне жеткенде, ауа-райы лезде нашарлай бастады, аймақ тұманға толып, найзағай түсе бастады, жолдар көрінбеді. Топты ертіп жүрген гидтің айтуынша, келесі найзағай адамдарға жақын жерге түскендіктен, таулардың бірінде ауа-райынан жасырыну туралы шешім қабылданды. Біраз уақыттан кейін ауа райы жақсара бастады, зардап шеккендер жартастар жыраларынан шығып,  шыңға оралып, сол жерден  РЖҚЖ құтқарушыларына геоақпарат жібереді, сол жерде РЖҚЖ құтқарушыларымен кездесті. Туристік топтың мүшелері қорқып қалған, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады», делінген хабарламада.

РЖҚЖ құтқарушылары Шымбұлақ ауданындағы тұраққа дейін туристерді ертіп апарды.

РЖҚЖ қызметкерлері жорыққа шықпас бұрын таулардағы ауа райы болжамымен міндетті түрде танысып, өзіңізбен бірге қосымша жылы киім алып жүруіңіз және ұялы телефоныңызға қосымша қуат көзін ұмытпауыңыз қажет екенін ескертеді. Мұндай қарапайым ережелер сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Ерлікке толы суреттер

Руханият • Бүгін, 13:05

Киіктердің төлдеу кезеңі басталды

Фотогалерея • Бүгін, 12:07

«Ән» бе, «үн» бе?

Руханият • Бүгін, 08:36

Журналист Қасым

Руханият • Бүгін, 08:34

Сөз сойыл: Әзіл-оспақ

Руханият • Бүгін, 08:32

Далалық өркениет тағылымы

Тарих • Бүгін, 08:23

Балабақшаның жоғынан бары жақсы

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Кәсіпке баулу – қасиетті борыш

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Аты-жөнімізге абай болайық

Қоғам • Бүгін, 08:14

Үй ішіндегі үйлесім

Пікір • Бүгін, 08:06

Қой баққан озар...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Халықаралық құжаттар қабылданды

Қазақстан • Бүгін, 07:58

Айсберг ақиқаты

Әдебиет • Кеше

Жоқ кітапты іздеу

Әдебиет • Кеше

Крест-кедергі...

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар