Елордада Ш.Уәлиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысында жол төсемі бұзылған.
— Жол төсемінің істен шығуы мердігер ұйымның тесу әдісімен диаметрі 300 мм СДР 17 құбырын төсеу кезінде жұмыс технологиясының сақталмауынан орын алды. Нәтижесінде нөсерлік кәріз коллекторы су астында қалып, жол төсемінің шағын учаскесінде шұңқыр пайда болды, – деп хабарлаған қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазір учаске қоршалып, апатты көму жұмыстары жүргізілуде. 19 сәуірде әкімдік, ШЖҚ «Elorda Eco System» МКК, сондай-ақ ЖП ӘПБ басқармалары жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Жолды жөндеу жұмыстарын дұрыс атқармаған мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады.