Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уәлхановтың айтуынша, былтыр спортпен айналысқан адамдар саны 427 мыңға дейін артқан.
Өңірде спортпен шұғылданамыз дегендер үшін түрлі спорт нысандары салынып-ақ жатыр. Бүгінде облыс бойынша барлығы 3 мыңнан астам спорт кешені бар екен. Өткен жылдың өзінде 16 нысан пайдалануға берілді. Ақтоғай кентінде, Көкпекті ауылында және Шар қаласында үш дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді. Сондай-ақ, екі жүзу бассейні, бес спорт алаңы, бес шағын футбол алаңы, бір хоккей қорабы салынған.
– Қазіргі таңда үш спорт нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Катонқарағай ауылы мен Шемонаиха қаласында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Мақаншы ауылында бір спорт модулі салынуда. Биыл Марқакөл, Ақсуат, Қайнар, Бородулиха, Самар, Бозанбай, Үлкен Нарын ауылдарында және Серебрянск қаласында шынықтыру-сауықтыру құрылысын басталады, – деді Досжан Уәлханов.