Аймақтар • 19 Сәуір, 2021

Жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жазаланды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

73 лауазымды және заңды тұлғаға 2 000 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жазаланды

Фото: Константин Шелков

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды тексеруді тұрақты негізде жүргізеді.

«2021 жылдың басынан бері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 467 тексеру жүргізіліп, 1403 ақау анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарымдар берілді. Бұдан басқа, 73 лауазымды және заңды тұлға жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады брифингте әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.

Шідерті-Нұр-Сұлтан жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстамағаны үшін мердігер ұйым, ЖШС-нің бірі ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Темір жол өтпелерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 13 лауазымды тұлғаға 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.