Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Той тойлау тыйылмай тұр

23 рет көрсетілді

2021 жылдың басынан бері, республика көлемінде мониторингтік топтар тарапынан 65 мың рейд жүргізілді, 400 мыңнан аса объекті қамтылды, оның аясында 12 мың бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық өңір бойынша азаматтардың қоғамдық орындарда жаппай жиналуымен байланысты 5 мыңға жуық «өрескел» бұзушылық анықталды.

Оның ішінде 4 мың факті мейрамханалар мен түнгі клубтардың шектеу уақытынан тыс жұмыс істеуімен, 1 мыңға жуық факті тойлар өткізумен байланысты.

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында 10 сәуірде «Хан Талапай» мейрамханасында 160 адамның қатысуымен той өткізілген, 17 сәуірде «Бруклин» кафесінде шектеу уақытына қарамастан 30 адамға және «Нирвана» кафесінде 40 адамға қызмет көрсету фактісі анықталған;

Алматы қаласында 15 сәуірде «МЯТА» лаундж барында шектеу уақытынан кейін 60 келушіге, 17 сәуірде «Элексир» клубында 40 адамға қызмет көрсету фактісі тіркелген;

Атырау облысында 4 сәуірде «Арай» мейрамханасында 80 адам қатысқан той өткен, 16 сәуірде «ОРТА» мейрамханасы түнгі уақытта 40 келушіге қызмет көрсетуді жалғастырған;

Қостанай қаласында үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде «Сәлем кафесінде» той өткен, 28 наурызда шектеу мерзіміне қарамастан «Джон Сноу» кафесі жұмысын жалғастырған;

Батыс Қазақстан облысында 9 сәуірде 70 адамның қатысуымен, 10 сәуірде 60 адам қатысуымен той өткізу, кафелердің шектеуге қарамастан қызмет етуі фактілері анықталған.

Шымкент қаласында 3-ші, 11-ші және 12 сәуір күндері мейрамханаларда той өткізу фактілері тіркелген.

Ақтөбе облысында 10 сәуірде «Ақ желкен», «Юрта» мейрамханаларында 100 адамның қатысуымен тойлар өткен. «Баррокко» кафесі шектеу уақытынан кейін қызмет көрсеткен.

Тараз қаласында «Әдемі меруерт» мейрамханасында 4 сәуірде 100 адамның қатысуымен той өткен.

Ақмола, Қарағанды облыстарында да той өткізу, кафелердің түнгі уақытта қызмет етуі әлі күнге дейін жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Арақ сатылмайтын аудан

Аймақтар • Кеше

Ерлікке толы суреттер

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар