Жергілікті бюджеттен төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері:
– ҰОС мүгедектері мен қатысушылары – (40 адам)- 1 млн теңге;
– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары (3 адам) -120 мың теңге;
– фашистік концлагерлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындары (9 адам) – 120 мың теңге;
– Кеңес әскерінің ерікті жалданушы құрамының адамдары (3 адам)- 120 мың теңге;
– қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (349 адам) – 30 мың теңге;
– ҰОС жылдары тылда жұмыс істеген тұлғалар (марапатталған және марапат алмағандар) (4543 адам) – 30 мың теңге;
– бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары (231 адам) – 60 мың теңге;
-Таулы Қарабақта, Иракта және Тәжік-Ауған учаскесінде ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер (317 адам) – 30 мың теңге.
– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға: фашистік лагерлердің тұтқындары, қоршаудағы Ленинград тұрғындары, 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Осылайша, Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылы облыс бойынша біржолғы әлеуметтік көмек 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар санатындағы 5 495 азаматқа жергілікті бюджеттен 211,9 млн теңге сомасында көрсетіледі.