Экология • 20 Сәуір, 2021

Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе

22 рет көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Теміртауға барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі іссапар барысы жайлы twitter-дегі парақшасында жазды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қоршаған ортаға шығарындыларды 2025 жылға қарай 30%-ға азайту бойынша жаңа жоспарымен таныстық. 

Табиғатты қорғау шараларының орындалу мерзімін қысқартып, шығарындылар көлемін төмендету жоспарына 2025 емес, 2024 жылы қол жеткізу мүмкіндігін бірлесе қарастыруға келістік. Шығарындыларды азайтудың жаңа стратегиясына сәйкес, зауыт балама экологиялық шараларды қолданады. 

Алдағы 5 жылда қоршаған ортаны жақсартуға кем дегенде 380 млн АҚШ доллар инвестиция cалады. Бұл - шығарындыларды азайту бойынша қол қойылған екіжақты Меморандумның аясындағы жұмыстың жалғасы.

Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе. Сондықтан шығарындыларды азайту жұмысы біздің қатаң бақылауымызда болады. Сонымен бірге жергілікті қоғам белсенділері де ахуалды назарда ұстайды. «АрселорМиттал» басшылығы да қоғам өкілдерімен тоқсан сайын тұрақты түрде кездесіп тұрмақ», делінген министрдің жазбасында.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар