Көмір индустриясындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында жауапты мемлекеттік орган мен салалық өнеркәсіп жұмыс берушілері, сондай-ақ кәсіподақтар арасында 2021-2023 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.

Көмір өндірісі үшін маңызды құжатқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Николай Корсаков, «Қазкөміртек» көмір өндірушілердің салалық одағының төрағасы Марат Миргаязов, «Қазпрофметалл» тау-кен металлургия салалық одағының төрағасы Асылбек Нұралин, сол секілді Көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Михаил Никифоров қол қойып, ортақ келісімге келді.
Арнайы жұмыс тобы аталған құжатты 9 ай ішінде дайындағанын айта кеткен орынды. Шамамен 35-ке жуық отырысы өткізіліп, күрделі келіссөздер нәтижесінде ортақ келісімге қол жеткізіліп, оның негізінде көмір өндіруші кәсіпорындарда ұжымдық шарттар әзірленіп, қабылданады.
Бұл ретте тиісті келісімде көзделген әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер мен кепілдіктерді барлық тарап орындап, сақтауға міндетті. Олар ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде бұрмаланбауы тиіс. Сонымен қатар ұжымдық шарттарда қосымша әлеуметтік кепілдіктер қарастырылуы мүмкін.
«Осы құжаттың әлеуметтік әріптестікті дамытуда, өңірлердегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде, сондай-ақ барлық тарап арасындағы тең құқықты диалог арқылы сақтауда маңызы зор. Аталған келісім еңбек жағдайларын жақсартуға, қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасауға, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және жастармен жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл мәселелер әсіресе коронавирус пандемиясы кезеңінде өзекті», деді Н.Радостовец.
Үш жылға арналған құжатқа сәйкес, еңбек ұжымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты сақтау, еңбек дауларының алдын алу және ескерту бойынша бірлескен шаралар қабылдау, әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерді болдырмауға бағытталған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Тараптар өндірісті жаңғырту мен өсіруді ынталандыруға, көмір саласына жаңа технологияларды енгізуге, қызметкерлердің табысын арттыруға бағытталған экономикалық саясат жүргізуге уағдаласты. Сонымен қоса көмір өндірісінің дамуына жәрдемдесуге, көмір тасымалдау бағасының негізсіз өсуін тежеуге, инвестициялар тартып, салалық стандарттарды енгізуге және тауарлар сертификаты бойынша жұмыс жүргізуге әрі білікті кадрлар даярлау жүйесін жетілдіруге әзір екендерін жеткізді.
Әлеуметтік әріптестік аясында көмір компанияларының қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер, атап айтқанда уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты, бала туған жағдайда, зейнет жасына толғанда еңбек шарты бұзылған кезде біржолғы жәрдемақы және тағы басқа қолдау тетіктерімен қамту қарастырылады.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар