Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздеп жатыр. Алайда, тәртіп сақшылары нәрестенің анасы бұған дейін де сәбиін бірнеше рет тастап кеткенін айтады.
Алматыда табылған бала туралы әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған. Жазбада баланың жасы шамамен екіде екені көрсетіледі.
Алматы полиция департаментіндегілер 19-нан 20-на қараған түні солтүстік айналма аялдамасынан ер адамның кішкентай баланы тауып алғандығын айтады.
«Ер адам түнде баланы өз үйіне алып кеткен, алайда 20-сәуір күні түстен кейін полицияға келіп, баланы тауып алғанын хабарлайды. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырып, баланы қалалық №2 балалар ауруханасына жеткізеді. Бала «Ана» деген сөзден басқа ештеңе айтпайды, тіпті өз атын айта алмайды», деді Алматы ПД өкілдері.
Тастанды ананың жеке басы алдын-ала мәліметтер бойынша анықталған. Қазір тұрғылықты мекен-жайы іздестіріліп жатыр.
Гаухар ҚАПАШ