Бокс • 21 Сәуір, 2021

Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Кельце қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшелері сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?

Бұл жолы біз былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектері туралы емес, көзге түскен бір жойдасыз кемшілік жайында айта кетуді жөн санадық.

Кельце рингінде сынға түсіп жатқан боксшыларымыздың жейдесінен көк туымыздың суретін көре алмадық. Ал арқаларында Қазақстаннан екенін білдіретін «KAZ» деген қысқарған жазу да жоқ екен.

Сонда бұл қалай болғаны? Халықаралық аренада еліміздің атынан сынға түсіп жатқан өрендеріміздің спорттық киіміне мемлекетті танытатын атрибуттық белгілер неге таңбаланбаған?

Жалпы, еліміздегі жетекші спорттың түрі боксқа жыл сайын қыруар қаржы бөлінеді. Сөйте тұра, сапаның биік деңгейіне шығудың орнына, мынадай салғырттыққа жол берілгендігі бокссүйер қауымның орынды ренішін тудыруы мүмкін деген ойдамыз.