Қазақстан • 21 Сәуір, 2021

Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді

«Менің ойымша, біздің ел визасыз режим беруге әлі дайын емес. Өйткені бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс. Қазіргі пандемия кезінде де визалар бойынша өте көп шектеулер бар», деді У. Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде тілші сұрағына берген жауабында. Сонымен бірге, журналистер «Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу туралы келіссөздер болды ма?» деген сұрақ қойды.

«Әзірге, Қазақстанмен визасыз режим туралы келіссөздер болған жоқ. Қазір Вашингтонда жаңа әкімшілік жұмыс істейді, мұндай сұрақтар талқылауда болады, бірақ дәл қазір әкімшілік үшін басқа мәселелер басымдықта болып отыр. Бірақ, бұл біздің келіссөздер жүргізбейтінімізді білдірмейді», деп жауап берді АҚШ елшісі.

Бұған дейін У.Мозер АҚШ пен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстерін ашу жөнінде пікір білдірген еді.