Аймақтар • 21 Сәуір, 2021

Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды

128 рет көрсетілді

Бүгін таңға жуық Өскемендегі тағы бір жаңа үйдің қабырғасы қақырап кетті. Тағы деп отырғанымыз, дәл осындай оқиға өткен жылдың желтоқсанында да болған, деп хабарлайды Egemen.kz

21 сәуір күні облыс орталығындағы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі №14 үйдің сайдингін жел жұлып жіберген.

– Таңғы сәремізді ішіп отырғамыз. Үш жарымға қарай тарсылдаған дауыс естілді. Атыс басталып кетті ме деп ойладық. Сөйтсек, төртінші мен бесінші подъездің арасындағы қаптама ажырап кетіпті. Өткенде «Нұр Отан», «Шығыс Адалдың алаңы» өкілдері келгенде тұрғындар «анау жер құлайды» деп айтқан. Мән берген ешкім болмады. Тағы қаусап тұрған жерлері бар, – дейді қабырғасы қарс айырылған үйдің тұрғыны Гүлжанат Оралбаева.

Қала басшылығының айтуынша, бұл үйге тапсырыс беруші, «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ. Ал мердігер компания «Күршім құрылыс» ЖШС.

– Тапсырыс берген де, қабылдап алған да «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ өкілдері. Бұрын мемлекеттік комиссия қабылдайтын. Заңдағы ол бөлімді бес жыл бұрын алып тастаған. Сөйтіп өздері қабылдап, банк арқылы сатқан. Кепілдік бар. Қазір сайдингті қайта қалпына келтіріп жатыр. Бірақ, бұл жағдай қайталана беруі мүмкін, – дейді Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.

Соңғы жаңалықтар

Ақыретке дейінгі адалдық

Өнер • Бүгін, 10:23

Hayat-Vax қандай вакцина?

Медицина • Бүгін, 07:21

Көңіл және қоғам

Қоғам • Бүгін, 07:20

Қайта түлеген Түркістан

Қазақстан • Бүгін, 07:11

Заманмен рухтас оқу орны

Білім • Бүгін, 07:10

Диқандар дала жұмыстарына шықты

Аймақтар • Бүгін, 07:07

Шұбайқызыл қызғалдағы

Таным • Бүгін, 00:16

Тән тұншығулы, жан шыңғырулы

Әдебиет • Бүгін, 00:11

Тереңдік тағылымы

Әдебиет • Бүгін, 00:06

Сырдың сәні – сексеуіл

Аймақтар • Бүгін, 00:04

Қасым сүйген Сақыпжамал

Руханият • Кеше

Қазандағы атыс

Әлем • Кеше

Кенбаев кеңістігі

Өнер • Кеше

Ұқсас жаңалықтар