Фото: Эля Булатовна/facebook.com
Апат туралы Facebook-тегі «Қалалық кезекші» тобында жазылған.
«Наурызбай ауданының әкімдігі ауыз су мәселесі жайлы үнемі бос уәде беріп келді. Ақыры аудан тұрғындары бұл мәселені өз күштерімен реттеуге кірісті. Біз арнайы техника жалдадық. Ең өкініштісі, жұмыс барысында қайғылы оқиға болып, 20 сәуірде құбыр тартып жатқан жұмысшы қайтыс болды. Осылайша, жұртты сумен қамтымақ болған маманнан айырылып қалдық. Енді адам өліміне кім жауап береді? Әкімдіктің атқаруы керек жұмысты орындау кезінде әкесі қайтыс болғанын балаларына қалай түсіндіруге болады?», деп жазды Facebook-те алматылық тұрғын.
Бұл оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.
«Адам өлімі фактісін Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда», деді полиция департаментінің өкілі.