Аймақтар • 21 Сәуір, 2021

Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды

883 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Қарағанды қалалық әкімдігінің ғимаратында болған. 19 сәуірде 37 жастағы ер адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды

«Марқұм техперсоналдың қызметкері болған. Қайғылы оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Қарағанды қаласының әкімдігі тарапынан жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетілді. Әкімдіктің барлық қызметкерлерінің атынан марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», деді Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ер адам туған жері Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында жерленді. Бүгінгі таңда полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.