Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 сәуір аралығында 155 423 адамға екпе салынды. Вакцинаның екі компонентін 15 289 адам алды.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.
Бүгінгі күні қалада 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.
Сондай-ақ Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев к-сі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін. Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында да вакцинация пункті ашылды.