Қоғам • 22 Сәуір, 2021

11 млрд теңге жұмсалған құбырдан су емес құм ағып тұр

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нәтиже көрсетпей отырған 11 миллиард теңгелік жоба сенатордың ашуын келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz

11 млрд теңге жұмсалған құбырдан су емес құм ағып тұр

Депутат Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жүзеге асырылуға тиіс болған «Сырдария және Талап топтық су құбырының құрылысы» жобаларына қатысты мәселелерді көтерді.

Жоба бойынша ауданның 28 елді мекенінде тұрып жатқан 43 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылу керек еді.

Сырдария топтық су құбыры 5,2 млрд теңге қаржыға салынып, пайдалануға берілді. Ал Талап топтық су құбырының құрылыс жұмыстарына 5,5 млрд теңге жұмсалған.

Депутаттың айтуынша, 11 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, 2014 жылдан бастап жүргізілген жобаның түпкілікті нәтижесін халық көрмей отыр. Себебі Талап су өндіру кешенінде қазылған 8 ұңғымадан құм аралас су шығып жатыр. Сонымен қатар аталған екі топтық су құбыры сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізбесіне енгізілмеген. Яғни халық ауыз суға толық тарифпен төлеп отыр.

«Қазіргі таңда ауыз су халыққа күніне 1-2 сағатқа беріліп, уақытпен шектелген. Осы жобалардың толық іске қосылмауы салдарынан тұрғындар ауыз суды аулада орналасқан шахталық құдықтардан немесе кіші ұңғымалардан алып ішуге мәжбүр», дейді сенатор.

Депутат өз сауалын Премьер-Министрдің орынбасарына жолдай отырып, Талап және Сырдария топтық су құбырларының іске қосылуын жылдамдатып, Тізбеге енгізіп, субсидиялауға қатысты  мәселелерін шешуге ықпал жасауын сұрады.