Қазақстан • 22 Сәуір, 2021

Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Алтынбек Нухұлы қазақ тарихының қалыптасуында маңызды рөл атқарған тұлғалардың кесене, мазарларының арасын біріктіру ішкі туризмнің дамуына жол ашады дейді.

Жол сапасы ішкі туризмнің дамуын тежеп келеді – Сенат депутаты

Дәлірек айтқанда, депутат Бұхар жырау кесенесі мен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне баратын 30 шақырым жолды жаңа туристік маршрут ретінде салу туралы ұсынысын жеткізді. Аталған екі нысанның арасында өзге де тарихи тұлғаларға қатысты көптеген көне орындар бар.

Алтынбек Нухұлы пандемия кезінде ішкі туризмнің бұрынғымен салыстырғанда дамығанын, алайда ішкі жолдардың сапасы бұл саланың кең қанат жаюына тұсау болып отырғанына назар аударды.

«Қазақстанда жылына 3 мың шақырым жол салынып жатқанда, 30 шақырымдық жолды қосу қиындық тудыра қоймас. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында киелі мекеннің қадір-қасиеті мен бабалар рухына тағзым етіп, келелі шешім қабылдауымыз керек», деді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше