Қазіргі уақытта адам көп жиналатын орындарда қосымша егу кабинеттерін ашу үшін дайындық жүргізілуде. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» СОО мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде ашылады. СОО-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдарындай сақталатын болады.
Халықтың көптігін ескере отырып, әрбір компонент үшін қосымша жеке орындар көзделетін болады.
«Мечта» сауда желісі, «Солтүстік» СҮ, «Нұрбереке 555» ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады.
Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.21 ж. қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.