Президент Үкіметке елдің көліктік және транзиттік әлеуетін барынша пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды, сондай-ақ бұлар жол пайдалану мен құрылысына ғана қатысты болмауы керектігін баса айтты.
– Тұтас кешенді мәселелерді, соның ішінде шетелдік серіктестермен келіссөз жұмыстарын, шекарадан жылдам өту, жолды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу сияқты мәселелерді шешу қажет. Бәсекелестік күшейіп барады, бір орында тұруға болмайды, – деді ел Президенті.