«Өңірдің даму барысын және барлық мәселелердің уақтылы шешілуін өзім тікелей бақылауда ұстаймын. Менің тапсырмам бойынша Атырау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспардың жобасы дайындалды. Соған сәйкес 23 мың оқушыға арналған 37 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында үш ауысымда оқыту және мектептердегі орын тапшылығы мәселесін толық шешеміз», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталығы салынатынын айтты.