Қоғам • 22 Сәуір, 2021

Аида Балаева көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлының отбасына көңіл айтты

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлының қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Аида Балаева көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлының отбасына көңіл айтты

Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері – Жәркен Бөдешұлының өмірден озуына байланысты, марқұмның жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Жәркен Бөдешұлы бүкіл саналы ғұмырын қазақ поэзиясы мен руханияты жолына арнап, елдің рухын көтерер отты өлеңдер мен поэмалар жазды. Ұлттық поэзияда өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген ағамыздың мол әдеби мұрасы –тозбас рухани қазына болып, ақындық болмысы бен бейнесi қалың оқырман қауымның есінде мәңгілік сақталады.  

Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын!