Білім • 22 Сәуір, 2021

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

 «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Бағдарламаның ерекше жаңашылдығы Негізгі дайындық жұмыстары жүргізілді. Стипендияларды беруді үш кезеңде: маусым, тамыз және қараша айларында жүргізу жоспарлануда», деді Мирас Дәуленов.

Мирас Дәуленовтің айтуынша, 2021 жылға арналған тізбеде академиялық оқытуға арналған 80 мамандық пен тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандық қарастырылған. Оның ішінде инклюзивті білім беру, вирусология, урбанистика, жаңа материалдар технологиясы сияқты тың бағыттар бар.

Мамандықтар жеті бағыт бойынша бөлінген: инновациялар және жаңа технологиялар, индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, медицина және креативті индустрия. Вице-министр биыл «Болашақ» бағдарламасына 1055 стипендия бөлінгенін, оның 500-і ғалымдардың тағылымдамаларына арналғанын атап өтті.

«Шетелдік жоғары оқу орындарының, оқуға ұсынылатын шетелдік ұйымдардың тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді. Биыл тізімге үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін 27 елдің 207 жоғары оқу орны кірді», деді Мирас Дәуленов.

Министрлік өкілі биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылғанын еске салды. Ал іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылып отыр. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау сияқты кезеңдерден тұрады.