Әлем • 23 Сәуір, 2021

Үндістандағы ахуал нашар

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда коронавирус індеті өршіп барады. Таяуда бір тәулік ішін­де вирус жұқтырғандардың анти­рекордтық саны тіркелді.

Үндістандағы ахуал нашар

 

Денсаулық сақтау министрлігі­нің хабарлауынша, өткен сәрсенбіде 314 мыңнан астам адам қауіпті дерт­тің тырнағына ілінген. Осылайша, Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионға жуықтады. Қайтыс болғандар саны 185 мың адамға жеткен.

Нью-Дели қаласының әкімі ауруханаларда оттегі баллондары қалмағанын айтып дабыл қағып отыр. Сәуір басталғалы бері Үндістанда вирус жұқтырғандар саны күрт артқан.

Қазіргі таңда Үндістан аурухана­ларының алдында коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырту­ға ниетті адамдар ұзын-сонар кезек­те тұр. Тіпті қара нарықта дәрі-дәрмек пен оттегі баллондары қымбат бағаға са­­ты­лып жатыр. Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің мәліметінше, қазіргі кезде елде вакцинаның 123 миллион дозасы қолданылған.